16.03.2023, 16:15
Оқылды: 40

"Ақжайық" футбол клубының бас бапкері Игорь Прохницкий "Akas" футбол клубымен болған ойын туралы пікірін білдірді

"Ақжайық" футбол клубының бас бапкері Игорь Прохницкий "Akas" футбол клубымен болған ойын туралы пікірін білдірді.

df665d29-802f-4878-bcda-3d9a57587212
-Ең алдымен барша "Ақжайық" жанкүйерлерін маусымның басталуымен құттықтаймын.
Жарысты жеңіспен бастау қашан да қуаныш сыйлайды. Қарсылас екінші лига командасы болды. Соған қарамастан, ойынға тыңғылықты дайындалдық. Тез соғылған гол басымдықты ұстап тұрып, оны әрі қарай ұлғайтуға сеп болды. Табиғи алаңда жаттығып, жасанды алаңда матч өткізу де оңай емес. Ойыншылар жарақат алып қалмау қамын да ойда ұстады. Сондай-ақ қосалқы құрам футболшыларына да мүмкіндік бердім. Барлығы ойдағыдай болды дей алмаймын. Алдағы күндері кеткен қателіктерді жойып, әрі қарай да жанкүйерді қуантуға тырысамыз, - деді Игорь Прохницкий.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале