Тирасполь футболының түлегі Игорь Пикущак Оралдағы «Ақжайық» клубының бас бапкері болып тағайындалды. «Ақжайық» футбол клубының директоры Айдос Байтенов жаңа бапкерді командаға таныстырды, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Игорь Пикущак 1983 жылы дүниеге келген.
Футболшы ретінде «Шериф», «Тирасполь», «Краснодар», «Амкар» (Пермь) командаларында ойнаған. Молдова ұлттық құрамасы сапында 22 матч өткізген.
Бапкер есебінде «Ноа» (Армения), «Акрон» клубтарын жаттықтырған.
2019-2020 жылғы Армения чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ Армения кубогы және суперкубогының иегері.