29.06.2022, 10:00
Оқылды: 95

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстар қырылып жатыр

Биылғы жылдың 26 маусымында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының территориясында, мекеме инспекторлары құстардың қырылу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

13-6

Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағала өлексесі тіркелді. Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

«Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды»,-делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале