1.09.2022, 16:16
Оқылды: 83

"Ақжайық" жартылай финалда

31 тамыз күні футболдан ҚР кубогінің ширек финал ойындары өтті. Аталмыш жарыс жолында бақ сынап жатқан "Ақжайық" футбол клубы жартылай финалға берілер жолдама үшін алматылық "Қайратпен" күш сынасты.

17

Осы кезге дейін кубок жолындағы бәсекеде ешқашан жолы болмаған оралдық клуб Алматы төрінде жеңіске жетеді дегенге "Ақжайық" жанкүйерлері де күмәнмен қарады. Десе де Игорь Пикущактың қол астында жаттығатын жігіттер намысты қолдан бермеді.

18

Тіпті бірінші тайм соңында шабуылшысы алаңнан қуылған "Қайрат" қайрат танытып, 77-ші минутта айып добын қақырата орындаған Сергей Кейлердің көмегімен есеп ашты. Жеңісті есепті ұстап қалмақ болған алматылықтар ойынның аяқталуына үш минут қалғанда осалдық танытты. Қапталдан келген допты қайтарам деп ұмтылған тәжірибелі Виктор Васин өз қақпасына гол соғып алды. Осы жетістіктен қанаттанған Оралдың оғландары матчтың 91-ші минутында жеңісті жұлып алды. Жеңіс добын "Ақжайықтың" шабуылшысы Оралхан Өміртаев соқты.

19

Осылайша "Ақжайық" өз тарихында алғаш рет ҚР кубогінің жартылай финалына жолдама алды.

Ойын соңындағы баспасөз мәслихатында "Ақжайық" бапкері Игорь Пикущак еліміздегі ең мықты командалардың бірі саналатын "Қайратты" қапы қалдыру үлкен жетістік екенін айтып, бұл осы кезге дейін жасалған үлкен жұмыстың нәтижесі екенін ерекше атап өтті.

20

Жартылай финал ойындары қазанның 19-ы күні өтеді. Бұл сында оралдық команданың жолы «Тараз» футболшыларымен түйісіп тұр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале