Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткізілген шараға облыстың барлық санитар дәрігерлері қатысты.
Мерекелік кеште алғаш болып сөз алған облыс әкімі Ғали Есқалиев адам жаны үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.
– Екі жыл бойына еліміз коронавирус індетімен күресті. Осы тылда сіздер атқарған жұмыс ұшаң- теңіз. Короновирус алқымнан алып, күшейген кезде Сіздер айлап үй көрмей, бала –шағаны, өз өмірлеріңізді ойламастан тыңбай халық үшін, ел үшін жұмыстандыңыздар. Біз сол үшін Сіздерге зор алғыс білдіреміз. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,- деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Жиын барысында үздік дәрігерлер алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі