Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Алаяқ Алматыда ұсталды

БҚО тұрғыны қазақстандықтарды 22 млн теңгеге отырғызып кеткен.

whatsapp-image-2023-01-31-at-154701

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп ұсталған 53 жастағы әйел тұрғындарға арзан жер телімдерін сатып алуды ұсынған. «Күдікті 25 жәбірленушіге 22 млн теңгеден астам залал келтірген. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің бастапқы сатысында әйелдің азаматтардың сеніміне кіріп, оларға жер телімдерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынғаны анықталды. Ол әлеуетті клиенттерден бастапқы жарнаны алып, сосын ізін суытып отырған.

Бастапқы жарна мөлшері жер телімінің орналасуына қарай белгіленген. Әзірге 25 қылмыстық эпизод белгілі болды», деді Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев. Қазіргі кезде әйелдің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осыған орай аталған әйелден зардап шеккендер болса, полиция қызметкерлері 8-702-448-63-37, 8-711-2-27-55-02 телефондарына хабарласуды өтінеді.

Елжан Ералы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале