Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы сауаты жайлы сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауалнамаға сенсек, алаяқтыққа тап болған жағдайда не істеу керектігі туралы азаматтардың хабардар болу деңгейі өте жоғары: респонденттер көбіне интернеттен ақпарат іздейді (37,9%) немесе құқық бұзушымен одан әрі байланысты үзеді (29,8%).
Бұл ретте құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінудің төмен деңгейі (3,1%) жазасыздық және қылмыскерлерді әшкерелеу мүмкіндігінің болмауы тәуекелін туындатады.
Бұл ретте зейнеткерлер көбіне ақпаратты қылмыскерлерге ішінара берді (6,3%) және қылмыскер қоңырау шалған ұйымнан ақпаратты ешқашан нақтыламады (0%).
Бұл сұраққа жауаптың гендерлік ерекшелігі әйелдердің алаяқтардың алдауына көбірек бейім екенін көрсетеді: 9,2% оларға қажетті ақпаратты ішінара берді, салыстыратын болсақ, ерлерде бұл көрсеткіш - 2,9%.
Қаржылық алаяқтардың кеңінен таралуына байланысты респонденттердің жартысынан көбі қандай да бір шығынға ұшыраған жоқпыз деп санайды, өйткені олар алаяқтармен өзара әрекеттеспеді (57,2%), ал психологиялық қысым (34,4%) басым болған.
Еске сала кетейік, алаяқтарға көбіне жасы келген кісілер мен әйелдер алданып жатады.