9.06.2026, 11:15
Оқылды: 18

Алаяқтардан сақтан: Telegram-ды бұзудың жаңа схемасы шықты

Бас прокуратураның жанындағы Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы Telegram қолданушыларына шұғыл ескерту жасады. Қазіргі уақытта мессенджерде аккаунттарды қолды қылудың жаңа айласы тарап жатыр - деп жазды kaz.inform.kz. 

Symbolic photo: The logo of the instant messaging service Telegram can be seen on a smartphone. Berlin, January 20, 2022

Сурет: ашық дереккөзінен

Алаяқтардың әдісі:

Пайдаланушыға «Telegram қолдау қызметінен» хабарлама келеді. Онда «Сіздің аккаунтыңызды жою туралы сұрау түсті, егер бұл сіз болмасаңыз, 24 сағат ішінде мына батырманы басып, әрекетті тоқтатыңыз» деп жазылады. Бұл — психологиялық қысым. Адам аккаунтынан айырылып қалудан қорқып, асығыс шешім қабылдайды.

Әрмен қалай не болады?

Сілтемеге өткен кезде сізден растау кодын енгізу сұралады. Кодты жазған сәтте алаяқтар аккаунтыңызды толық бақылауға алады. Олар сіздің атыңыздан жақындарыңыздан ақша сұрауы немесе жеке деректеріңізді өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін.

Есте сақтаңыз:

Telegram-ның ресми қолдау қызметі ешқашан пайдаланушылардан үшінші тарап боттары немесе күмәнді сілтемелер арқылы растау кодтарын, құпиясөздерді немесе аккаунтқа кіруге қажетті өзге де деректерді сұрамайды. Аккаунтты бақылауға алғаннан кейін алаяқтар хат-хабарларды оқуға, жеке деректерге қолжетімділік, аккаунт иесінің атынан хабарламалар жіберуге, контакттардан ақша аударуды сұрауға, аккаунтты басқа алаяқтық шабуылдар үшін пайдалануға мүмкіндік алады.

Алаяқтық хабарламаның негізгі белгілері:

- жіберуші өзін қолдау қызметінің өкілі ретінде таныстырады, бірақ ресми расталған мәртебесі жоқ;
- хабарламада шұғыл түрде сілтеме арқылы өтуді немесе ботты пайдалануды талап етеді;
- пайдаланушыдан SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуді сұрайды;
- аккаунтты жоғалту қаупі мен асығыстық сезімін қалыптастырады;
- хабарлама жіберушінің аккаунты жақында құрылған, атауын өзгерткен немесе күмәнді белгілері бар;
- мәтінде оғаш тұжырымдар, қателер немесе күмәнді сілтемелер кездеседі.

Аккаунтты қорғау үшін келесі іс-шаралар ұсынылады:

- растау кодтары мен құпиясөздерді ешкімге хабарламаңыз;
- күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;
- Telegram деректерін бөгде парақшаларда немесе боттарда енгізбеңіз;
- қосымшаның баптауларында екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз;
- «Құрылғылар» бөліміндегі белсенді сеанстарды тұрақты түрде тексеріңіз;
- белгісіз немесе күмәнді қосылымдарды аяқтаңыз;
- ақпаратты тек Telegram-ның ресми арналарынан және баптауларынан алыңыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале