19.08.2026, 19:00
Оқылды: 91

Алаяқтарға картасын берген тұрғын 7 мың теңге үшін сотты болды

ҚР Бас прокуратурасының хабарлауынша, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны оңай жолмен ақша табуды көздеп, 7 мың теңге үшін өзінің банктік шотын алаяқтарға беріп, сотты болды.

 Ақша JP 999

Нәтижесінде оның шоты қылмыстық схемада пайдаланылып, сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 4-бөлігі бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен бұл сот процесі жергілікті тұрғындардың қатысуымен ашық форматта өтті. Осы нақты мысал арқылы қатысушыларға оңай табыс табуға ұмтылудың ауыр қылмыстық салдарға әкеп соқтыратыны айқын көрсетілді.

Мұндай әрекетке барғандар қылмыстың ұйымдастырушысы болмаса да, алаяқтарға көмектескені үшін толықтай қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Заңнамада дропперлік үшін ірі көлемдегі айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осыған байланысты қадағалаушы орган азаматтарға банктік карталарды, SMS-кодтарды және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуді, ал заңсыз схемаға тартылған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале