16.11.2022, 16:31
Оқылды: 52

Алдағы күндері қарлы бұрқасын соғып, 22 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сонымен бірге жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды ағындардың өтуімен бірге республиканың басм бөлігінде жауын-шашын болады, солтүстікте қар, ал оңтүстік пен батыста жаңбыр мен қар жауады. Республика бойынша желдің 15-23 м/с дейін күшеюі, көктайғақ, тұман болса, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста, орталықта ауаның температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале