13.12.2024, 12:00
Оқылды: 350

Алдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсан жұмыс істемейтінін хабарлады.

3f7ed41f-87a3-44d5-ba67-4942b1f6c791

Бұл ретте, 14 желтоқсан, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді 9.00-ден 13.00-ге дейін алуға болады.

17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен МХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

Еске салайық, орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады.

Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді

Халыққа қызмет көрсетететін кезекші орталықтардың мекенжайларын Instagram-дағы ресми парақшадан білуге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале