9.10.2023, 14:30
Оқылды: 59

Алдағы үш күн ауа райы суытып, 5 градус аяз болады

Қазгидромет мамандары 10-12 қазанға арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

погода

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде күн райы тез өзгереді – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) жауып, оңтүстікте күн жаңбырлы, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 градус жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 градус аяз - 5 градус жылыға дейін, күндіз 5 - 13 жылыға дейін төмендейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале