30.04.2024, 10:20
Оқылды: 44

Александр Бублик АТР 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті

"Александр Бублик Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.1714399345

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда Шелтон 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3. Әлдеқайда тартысты өрбіген екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик бет қаратпады — 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Корданың қай жеңгенімен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале