Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«1 ақпаннан бері өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі», - деді министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу ескерілген. «Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді», - деді Алексей Цой.
zhaikpress.kz