Осы айда елімізге коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 млн. дозасы жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылдың 1 ақпанынан КВИ-ге қарсы вакцинация науқаны жалғасып жатыр. 1 сәуірден вакцинациялауға жататын тұлғалар санаты кеңейтілді. Кестені жергілікті атқарушы органдар әзірлейді. Бүгінде бірінші компонент 197 706, екінші компонент 72 110 азаматқа салынды. Республика бойынша 1 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3-ті құрайды», - деді Алексей Цой. Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін сәуірде вакцинаның 2 млн. дозасы жеткізілетіндігі күтіледі. Бұл вакцинациялауға жататын тұрғындардың 23,4 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. «Иммундау жоспарына сәйкес, өңірлерге вакцина жеткізу көлемі мен алдын ала мерзімі айқындалған. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде вакцина жетізу көлемі ұлғайтылды», - деді Алексей Цой.
zhaikpress.kz
Суреттің дереккөзі: dw.com