17.11.2021, 10:38
Оқылды: 946

«Әлем балалар көзімен»

Осындай атаумен Тегеранда қазақстандық бүлдіршіндердің сурет көрмесі өтті.

WhatsApp Image 2021-11-17 at 09.50.08

Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі қазақстандық «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен және қолдауымен Тегеранның «Зәрна» көркем­өнер галереясында «Әлем балалар көзімен» атты қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балалардың сурет көрмесін ұйымдастырды, – деп хабарлайды ҚР СІМ бас­пасөз қызметі.

выставка иран (2)

Аталған көрмеге мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры (жетекшісі Рада Хайрушева) ұсынған бүлдіршіндердің суреттері қойылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған аталмыш көрменің басты мақсаты – қиындықтарға  қарамастан, осы балалардың мүмкіндіктері шексіз екендігін, олардың ізгі ой-арманын, өмірге деген құштарлығын ашып көрсету.

выставка наташа (1)

Көрмеге қойылған туындыларды ирандық өнер, білім қайраткерлері, іскер топтары, ҚР азаматтары мен Ирандағы қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады. Қазақстандық балалардың шығармашылығымен танысқан заң ғылымдарының докторы, профессор Саййед Хасан Амин, мүсінші Фатеме Асади және өзге де ирандық қайраткерлер қазақстандық ерекше балалардың шығармашылығынан олардың дүниеге іңкәр көзқарастарын анық көруге болатынын атап көрсетті.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале