20.05.2022, 15:30
Оқылды: 206

Әлемдегі ең қымбат көлік сатылды

Әлемдегі ең қымбат көлік 142 млн долларға сатылды. Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

d4db08efbb084c718f3a11b2e6ff469f

Sotheby's аукционында Mercedes Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé жеке коллекционерге 142 миллион долларға сатылды, деп жазады sputnik.kz.

Sotheby's үйінің мәліметі бойынша бұл аукциондар тарихындағы ең қымбат көлік. Mercedes Benz-тің алдыңғы рекорды 95 миллион доллар болды. Mercedes-Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé "әлемдегі ең әдемі автокөлік" ретінде белгілі.

Ол жасаушы, жарыс автомобильдерінің әйгілі инженері Рудольф Уленхоуттың атымен аталған. Мұндай көліктің тек екі данасы бар. Рекордтық сомаға сатылған көлік 1955 жылы жасалған.

Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале