Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі өткен жылдың мамыр айында ҚР Сауда және интеграция вице-премьерінің бұйрығымен бекітілген болатын.
Кезекті баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Эльмира Қиматованың айтуынша, бұл тізімде 19 тауар бар. Оған бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған нан, мейіз, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа, ас тұзы кіреді.
- Көкөніс өнімдерінің ішінде картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ бар. Сүт өнімдеріне пастерленген сүт пен майлылығы 2,5% айран, сүзбе, майлылығы 72,5% кем емес сары май жатады. Сүт пен айран жұмсақ қаптамада болуы керек, – деді Эльмира Қиматова.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz