16.01.2024, 16:15
Оқылды: 44

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ өкілдері медицина қызметкерлерімен жүздесті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры БҚОФ өкілдері ақ халаттылармен кездесіп, МӘМС туралы ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

d12f21bc-0592-443a-87e4-d9a61093fecb

Қалалық №1 емханада өткен жиында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы айтылды.

2020 жылдан бастап елімізде міндетті медициналық сақтан­дыру жүйесі іске қосылды.

МӘМС жүйесінің игілігін кө­ріп, тиімділігіне көз жеткізген адам жетерлік. Қордың негізгі міндеттерінің бірі – пациенттің құқығын қорғау.

Айта кету керек, барлық жарна мен аударым қорға емес, ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі. Олар сол жерден тек есеп беру кезеңінде медициналық ұйымдар, қор жеткізушілері көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеуге жіберіледі.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале