22.04.2022, 16:45
Оқылды: 249

«Әлеуметтік серіктестік – табысты еңбектің кепілі»

Таяуда Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жылдық жоспарына сәйкес, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ төрағаларымен тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болды.

5Q5A6949

Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымынан келген делегация «Ақжайық» шипажайына орналасып, бағдарлама бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ғимаратында өткізілген «Әлеуметтік серіктестік – табысты еңбектің кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының мүшелік ұйымдары арасында тәжірибе алмасу және  жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті дамыту.

Шараға Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті филиалдарының жетекшілері, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының Әлеуметтік әріптестік туралы комиссиясының салалық кеңес мүшелері мен Атқару комитетінің мүшелері қатысты.

5Q5A6929

Сонымен қатар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының HR – менеджері Ғалия Айкумбаева және БҚО Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, БҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру филиалының директоры, облыстық кәсіподақтың Әлеуметтік әріптестік туралы комиссиясының салалық кеңес мүшесі Софья Салахиденқызы, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры, облыстық кәсіподақтың Әлеуметтік әріптестік туралы комиссиясының салалық кеңес мүшесі Серік Мұханбеткалиев, БҚО білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтебай Құспанов, Бөрлі аудандық кәсіподақ саласының ардагері Сәуле Жандалиева және БҚО салалық кәсіподақ төрағалары атаулы шараның қонағы ретінде арнайы шақырылды.

Атаулы шараны Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев білім саласында әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту кәсіподақтың маңызды бағыттарының бірі екеніне тоқталып, Әлеуметтік әріптестікті нығайту жолында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірге педагог қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің оңтайлы шешімдерін табуда көптеген істер атқарып келеді. Осы бағытта кәсіподақ арасында Салалық келісімшарт негізінде әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты құжатқа қол қойылып, ол әр үш жыл сайын жаңа мерзімге жасақталып, біздің  әлеуметтік әріптестік негізінде  Өңірлік келісімдердің жүзеге асуына негіз болып отыр», - деп алғысөзімен бастады.

5Q5A7241

Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова және БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева құттықтау сөз сөйлеп, Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақтармен тығыз қарым-қатынас орнатылып, кейбір мәселелерді бірлесіп шешуде оң  нәтижелерге қолжеткізілгеніне және бірлесіп облыс көлемінде атқарылған  бірқатар іс-шараларға тоқталды.

Күн тәртібінде бекітілген регламент бойынша баяндамалар тыңдалып, тақырып аясында жұмыс берушілер мен кәсіподақ белсенділері қызу пікір алмасты.

Шара соңында Галия Айкумбаева Қазақстандық салалық білім  және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның атынан кәсіподақ белсенділерін «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттап, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваға, Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темирхановаға, БҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру филиалының директоры Софья Ізмұханбетоваға,  Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры Серік Мұханбетқалиевке әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлестері үшін алғысхат пен гүл шоқтарын табыстады.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымынан келген делегация бағдарлама бойынша «Атамекен» театрында және Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болып, Орал қалалық №42 «Ақниет» гимназиясының кәсіподақ жұмысымен танысып, жыл бойы түрлі байқаулардан орын алған кәсіподақ мүшелерінің концертін тамашалады.

5Q5A7324 (1)

Солтүстік өңірден келген қонақтар келесі күні «Одақтар үйі» ғимаратында орналасқан Батыс Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы және Орал қалалық кәсіподақ комитеті филиалының жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасты.

Оқу-ағарту жұмысында мұражайлардың алатын орны ерекше. Осы орайда кәсіподақ белсенділері облыстық «Өлкетану» мұражайы мен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың мұражайында естеліктерден рухани әсер алып, Жайық жағалауында таза ауамен тыныстап, Оралдың табиғи әсем саябақтарын аралады.

Гүлжанат Кұрманғазиева,    

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкері

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале