29.09.2021, 16:43
Оқылды: 77

Әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы петиция жарияланды

Шетелдік интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенжерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулерді қабылдаудан бас тарту қажеттігі туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021092915094629927_smartphone-1894723_1920

Қыркүйекте Қазақстан Парламентінің Мәжілісі "бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, онда ел аумағында шетелдік интернет-платформалардың, әлеуметтік желілердің, мессенжерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін бірқатар норма қамтылған. Бұл қазақстандық интернет-кеңістікте Facebook, Instagram, Telegram, Whatsapp және т. б. танымал әлеуметтік желілердің еркін пайдаланылуына қауіп төндіреді, делінеді петиция мәтінінде.

Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенжерлердің жұмысын бұғаттау және шектеу соңғы жылдары бірнеше рет болған. 2019 жылдың көктеміне дейін бұл әр түн сайын қайталанатын десе де болады. Алайда, соңғы екі жылда мұндай бұғаттаулар азайды, бұл сөзсіз оң өзгеріс.

Түзетулердің жаңа блогында ұсынылған нормалар – шетелдік интернет-платформаларды, әлеуметтік желілерді және мессенжерлерді Қазақстанда тіркеу қажеттігі туралы; олардың басшылығына тек республика азаматын тағайындау қажеттігі туралы; Қазақстанда тіркелуден бас тартуға байланысты ресурстардың жұмысын бұғаттау немесе баяулату мүмкіндігі туралы; шетелдік онлайн-платформалар, әлеуметтік желілер және мессенжерлер Қазақстанда тіркелген жағдайда қазақстандық басшыларының, пайдаланушылардың белгілі бір ақпаратқа немесе бүкіл ресурсқа, оның ішінде заңмен немесе сот шешімімен таратылуы шектелмеген, бірақ “ақпарат саласындағы уәкілетті органның нұсқамасымен қолжетімділігі уақытша тоқтатылған” (АҚДМ) ақпаратқа қолжетімдікті шектеу міндеті туралы; тиісті мемлекеттік органдардың өкілетін кеңейту туралы ұсынысты – біз репрессив және интернетті реттеуге емес, бақылауға, яғни іс жүзінде елдегі Конституция мен адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарда тікелей тыйым салынған цензураны енгізуге бағытталған деп санаймыз.

Google, Mozilla сияқты ірі интернет-платформалар не Facebook сияқты әлеуметтік желі, оның Whatsapp мессенжері және Instagram әлеуметтік желісі, сондай-ақ Telegram сияқты мессенжерлер ұсынылатын талаптарға келіспей, Қазақстанда өкілдігін тіркеуден бас тартып, сол арқылы қазақстандықтарды еркін интернеттен айыруы бек мүмкін.

Түзетуді әзірлеушілер мен уәкілетті орган нормалар кибербуллиңмен күресу және шетелдік платформалармен тез байланыс орнату үшін қажет екенін айтады. Біз мұның тиімсіз екеніне, ал баланың құқығын қорғау сылтауымен түзетулер жүргізу тактикасы манипуляция екеніне сенімдіміз.

Бұл нормаларды қабылдау 2019 жылғы президенттік сайлаудан кейін көп айтылатын елді реформалау логикасына қайшы келеді. Түзетулердің қабылдануы елдің беделіне халықаралық нұқсан келтіріп, Қазақстанды қоғамдық-саяси дамуда кері итермелейтіні анық. Бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы міндеттемелеріне қайшы келеді: олардың бір бөлігі цифрлық құқықтар, атап айтқанда, балалардың ақпарат алу және тарату құқығын қоса алғанда, ақпаратқа қол жеткізу және тарату құқығы; жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы; интернет желісінде бірлесу құқығы; және басқа да адам құқықтары. Адам құқықтарына мемлекет енгізген кез-келген шектеу, тіпті кибербуллиңге қарсы күрес сияқты ақылға қонымды болса да, адамды басқа құқықтарынан айырмауы керек.

Қазақстан аумағындағы шетелдік онлайн-платформалардың, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенжерлердің қызметіне қатысты түзетулерді толық алып тастау, ал мемлекетке қоғам және сарапшылармен бірлесіп кибербуллиңмен күресудің тиімді тетіктерін әзірлеу қажет деп санаймыз. Маңыздысы - оның алдын алу, сондай-ақ бұған дейін болған құқық бұзушылықтарды зерттеу.

Интернетті дамыту мен реттеуге қатысты осындай бастамалардың барлығы елдің IT-қоғамдастығымен, құқық қорғау және азаматтық қоғаммен, мүдделі топтармен, бұл жағдайда балалар мен жасөспірімдердің өздерінің мүддесін ескере отырып, сондай - ақ балалардың дамып келе жатқан қабілеттері қағидатын ескеріп, цензураны болдырмау және адамның цифрлық құқықтарын шектемеу үшін міндетті түрде талқылануға тиіс.

15 қазанда қол жиналған хат президент әкімшілігі мен Қазақстан Парламентіне тапсырылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале