7.03.2024, 10:15
Оқылды: 65

Алғыс арқалаған аспаз

Қазақта «Еңбек ептілікті сүйеді» деген тәмсіл бар. Өңірімізде адал еңбек етіп, түрлі салада өз несібесін тауып жүрген нәзікжандылар көп. Солардың бірі – Кәмшат Қайырғалиева. Ол – Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл ауылының тумасы. Бүгіндері Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында аспаз қызметін атқарады. Мінезі жайсаң жанның ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет етіп, еңбектің тайқазанын тасытып жүргеніне 25 жылға жуық уақыт болыпты. 

WhatsApp Image 2024-03-04 at 16.25.12

Кәмшат Орашқызы бұл жұмысқа 1998 жылдың желтоқсанында, 25 жасында орналасқанын айтты. Қызығы мен шыжығы мол салада тағдыр апамызды талай сынаса да, ол  әлі де еңбектен қол үзбей келеді. «Бала кезімде көпшілік ортада, адамдармен жұмыс істесем деп армандайтынмын. Қазір сол бала арманым толыққанды орындалғандай.

Мен тағдыр тәлкегіне ұшыраған мүгедектер мен жалғызбасты қарияларға дәмді тағам пісіріп, батасын алып келемін. Олардың ішінде егде жаста жалғыз қалған зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, айықпас дертке шалдыққан қызмет алушылар бар. Менің басты міндетім – осы қолдауға мұқтаж азаматтарды уақтылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Олардың талап-тілегін тыңдап, әрқайсысымен жекелей сөйле-сіп, мәселелерін біліп, көңілдерін жадырату. Расында, әлеуметтік қызмет мейірімділік пен төзімділікті талап етеді», – дейді Кәмшат Қайырғалиева.

Еңбекқор аспаздың өлшеусіз еңбегі елеусіз қалмаған. Ол талай рет марапат төрінен көрініп, өз ұжымының, қамқорлығындағы жандардың алғысын арқалап келеді. Бүгінде асыл жар, екі баланың аяулы анасы 50 жасқа толып, әлеуметтік саланың ардақты маманына айналып отыр.

Аружан Аманжол,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале