27.11.2020, 17:06
Оқылды: 133

Алименттер бойынша іс жүргізулердің жартысынан көбі орындалмай қалуда

«Сот актілерінің орындалуы бойынша жұмыс туралы» есеп деректеріне сәйкес, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша сот орындаушыларында 17 244 570 536 теңге сомасындағы алименттерді өндіріп алу туралы 254 660 атқарушылық іс жүргізу болған, олардың ішінде тек 2 426 519 642 теңге немесе 14%-ы өндіріп алынған.

ал

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің qamqor.gov.kz. сайтында алименттер бойынша борышкерлерді іздеу сервисі бар, онда 59 парақта шамамен бір жарым мың іздеудегі адам орналастырылған.

Олар берешек болғандардың ішінде, негізінен олардың кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-аналары, жұбайлары, сирек болса да аға-інілері немесе әпке-сіңлілері немесе қамқоршылық органдары бар.

Осы санның ішінен биыл 1 қарашаға тек 38 154 іс бойынша орындау ұйымдастырылған, мүлікті қолданып, төлемдерді төлеу басталған. Бірақ, көпшілік бөлігі, 216 506 іс жүргізу әлі де орындалмай келеді. Алимент төлеушілердің өздері міндеттерін орындауға асығар емес, өз кезегінде, сот орындаушылар да оларды жүзеге асыруды қолға алмай отырғанын атап өту керек.

Атқарушылық істердің тек 49% мерзімдік орындауға қойылған, яғни өндіріп алушыға белгіленген сомалар төленіп тұрады.

Орындалмаған 21 мыңнан астам атқарушылық істің оннан бір бөлігіне ішінара тексеру жүргізілді және оның нәтижесінде келесі фактілер анықталды:

- алименттер бойынша 9 мыңнан аса борышкердің тұрақты зейнетақы аударымдары бар, демек олардың тұрақты табысы бар және алимент төлей алады, бірақ сот орындаушылары тиісті жұмыстарды жүргізбей отыр;

- 2,6 мыңнан астам борышкердің жылжымайтын мүлкі немесе көлік құралдары бар, бірақ сот орындаушылары мүлікті өндіріп алу үшін тиісті шараларды қабылдамаған;

- алименттер бойынша 3 мыңнан астам борышкерге іздеу жарияланбаған;

- 515 борышкерге, олардың шығуын шектеу шаралары қабылданбаған.

Алименттерді өндіріп алу бойынша шараларды жандандыру үшін Комитет Сот орындаушыларының республикалық палатасына ақпараттық хат жолдады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале