20.01.2022, 11:30
Оқылды: 75

Әлихан Смайлов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

220120111837452e

Аталған құрылымды реформалаудың ұсынылып отырған жолдары туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары баяндады.

Үкімет басшысы қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалаудың ұсынылған шараларын одан әрі пысықтауды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале