21.11.2023, 15:00
Оқылды: 28

Әлихан Смайылов: «Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу өте қиын»

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері қаралды.

c8b33104-7ace-48bf-89bc-c5708a527fee

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің көбі электрондық форматта қолжетімді, атап айтқанда, оларды смартфондағы қосымшалардың көмегімен алуға болады.

«Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы. Процестерді цифрландыру мемлекеттік органдарға өтініш беру, анықтамалар алу сияқты қағазбастылықты барынша азайтуға мүмкіндік берді. Бұл – дебюрократизация ғана емес, сондай-ақ азаматтардың уақытын үнемдеу», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру тұрғысынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы офлайн-сервистің толыққанды драйверіне айналуы тиіс.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның бүкіл өмірін қамти отырып, проактивті қызмет көрсету қажет. Ол үшін бизнес-процестердің реинжинирингі жүргізіліп жатыр. Қажетті ақпараттар деректер базасында болған кезде өтініштер мен растайтын құжаттарды жинау тәжірибесінен алшақтауымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ХҚКО-ға келушілер ондағы ұзын-сонар кезекке және ғимараттарда қолайлы жағдайлардың болмауына наразы екенін айтты.

«Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу өте қиын. Лицензиялар мен рұқсаттар алуға өтініш беру күрделі болғаны сонша, азаматтар консалтингтік компаниялар мен жеке тұлғаларға жүгінуге мәжбүр. Жалпы аталған жайттар атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың тиімділігін төмендетіп жібереді. Сондықтан азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын бірден назарға алып, шұғыл шаралар қабылдау қажет», — деді Үкімет басшысы.

Осыған байланысты Премьер-Министр 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін электрондық түрде болады деп мәлімделген мемлекеттік қызметтердің қалған түрлерін автоматтандыруды, сондай-ақ жүйелі түрде проактивті көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтіп тұруды тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале