25.02.2022, 11:00
Оқылды: 37

Әлихан Смайылов ЕҮАК отырысы аясында Ресей Үкіметі басшысымен келіссөз жүргізді

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.220224221004248eТараптар бірқатар өзекті мәселелерді, атап айтқанда, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік ынтымақтастық, өнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешен, цифрландыру, ғарыш саласы және т. б. қатысты мәселелерді талқылады. Ресей Федерациясы – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының өсімі 29%-ды құрады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале