12.07.2023, 11:30
Оқылды: 28

Әлихан Смайылов: «Жастардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұруына баса назар аудару керек»

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1fa9a8c0-4db4-42f4-b551-0be18d26829e

«Өңір әкімдері өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру, микрокредиттер беру барысын бақылауда ұстауы тиіс. Жастардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұруына баса назар аудару керек», - деді Әлихан Смайылов.

Премьр-Министр Қаржы министрлігі Еңбек министрлігімен бірлесіп, жастарға микрокредит беру үшін қаражатты қайта бөлу мәселесін пысықтауы қажеттігін баса айтты.

«Кейбір өңірлерде, мысалы, Қызылорда, Жамбыл және Атырау облыстарында жоспар асыра орындалуда. Ал, Астана және Алматы сияқты ірі қалаларда көрсеткіш төмен. Демек, облыстарда микрокредитке сұраныс жоғары», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Еңбек министрлігіне өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында азаматтардың жұмысқа орналасуына тұрақты мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале