ТЖМ-да республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті.
"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді", - делінген хабарламада.
Ал "Қазселденқорғау" ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекеттер бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды.
Бекеттің жалпы саны - 76. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ.