29.01.2024, 16:30
Оқылды: 55

Алматыда 7 балдан асатын жер сілкінісі бола ма?

ТЖМ-да республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

ЖП ТЖ (1)

"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді", - делінген хабарламада.

Ал "Қазселденқорғау" ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекеттер бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды.

Бекеттің жалпы саны - 76. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ.

t.me/baq_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале