2.12.2022, 15:01
Оқылды: 63

Алматыда алимент төлемеген 81 әке қамауға алынған

Алматыда жыл басынан бері алимент төлемеген 141 әке әкімшілік жазаға тартылды. Мұндай статистиканы қалалық Әділет департаментінің басшысы Абай Арап Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20221202-WA0025

Оның айтуынша, алиментті өндіріп алу әлеуметтік маңызды санатқа жатады және ол ведомствоның ерекше бақылауында.

Биыл әділет департаменті 141 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, 81 адам әкімшілік қамауға алынды.

Алимент бойынша 4 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды, сот орындаушыларының 4 ұсынысы анықтау органдарының қарауында.

«Борышкерлер 50 млн теңгеден астам берешекті төледі, осылайша департамент сот актілерін орындау жөніндегі міндеттерді шешіп, алдағы уақытта да істердің әлеуметтік маңызды санаттарын нақты орындау үшін жұмыс істей бермек»,- деді ол.

Айтуынша, берешегі, мүлкі бар борышкер болған жағдайда сот орындаушылары оларды іске асыру жөнінде шара қабылдайды.

«2022 жылы сот орындаушылары берешекті өтеу есебінен 3 жылжымайтын мүлік, 7 жылжымалы мүлік сатты, сол арқылы 20 млн теңгеден астам берешек өтелді»,- деді Абай Арап.

Бұдан бөлек, биыл 50-ден астам отбасы қайта қосылып, алимент төлеу мәселесі жойылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале