9.06.2022, 15:16
Оқылды: 155

Алматыда ер адамды пойыз басып кетті

Алматыда пойыз қағып кеткен ер адам қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

photo_100539

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам "Алматы-1" және "Алматы-2" станциялары арасындағы учаскеде белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды.

"Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале