ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада қант бағасы күрт өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сурет: Egemen.kz.
«Алматыда баға өсуінің жоғары қарқыны сақталуда. Жарты жылда мегаполисте инфляция 10,3%-ды құрады. Инфляцияда азық-түлік бағасының өсуі шешуші рөл атқарды, ол 16,4% (жылдық есептеуде-19,5%). Бағаның ең көп өсуі қантқа байқалады (2 есе, 560 теңгеге дейін). Ірі сауда желілері шетелден қант әкелуге квоталар алады, бірақ сонымен бірге олар Ресейде көкөністер мен азық-түлік өнімдерін экспорттауды шектейді», деді Ерболат Досаев.