Желіде қарулы адамның балабақша аумағына кіруге әрекеттенгені туралы видео тарады.
«Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды», - дейді бейнежазба авторы.
Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасында болған.
«Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар-жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылады», - деп хабарлады полициядан.
baq.kz