24.09.2021, 15:13
Оқылды: 214

Алматыда қарулы адам балабақша аумағына кірмек болған

Желіде қарулы адамның балабақша аумағына кіруге әрекеттенгені туралы видео тарады.

00

«Белгісіз ер адам балабақша аумағына күзетшіні тапаншамен қорқытып кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды», - дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасында болған.

«Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция басқармасында тіркелгенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар-жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылады», - деп хабарлады полициядан.

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале