30.03.2021, 17:33
Оқылды: 12

Алматыға қазақстандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізіледі

Сәуір айында Алматыға қазақстандық QazCOVID-in вакцинасының 6000 дозасын, сондай-ақ «Спутник V» вакцинасының 65 000 дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Мүмкін қытайлық вакцина жеткізілетін шығар. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлім етті.

ваккк1111

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы сәуір айында қалада жаппай вакцинациялау басталатынын айтты.

«Алматыда сәуірде жаппай вакцинация басталады. Вакцинация пункттерін 250 жерде орналастыру жоспарланып отыр. Негізінен мемлекеттік емханалар, жеке құрылымдағы медициналық мекемелер қамтылған. Бірақ сауда орталықтарын да тартуға болады. Келіссөздер жүргізіліп, жұмыс тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесіне сүйенсек, Алматыға 65 000-нан аса «Спутник V» вакцинасын әкелу жоспарланған», - деді Нариман Табынбаев.

Жандарбек Бекшин қазақстандық KazCOVID-in вакцинасының алты мың дозасын жеткізу сәуір айына жоспарланып отыр деді.

Өз кезегінде, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматыдағы жеке медициналық орталықта ресейлік вакцинаны ақылы түрде егу ұсынылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Вакцинация мәселесі денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Барлық вакциналар арнайы органмен «СК-Фармация» ЖШС арқылы өңірлерге таратылады. Алматыда «СК-Фармация» ЖШС қызметкерлері препаратты қалалық вакциналар қоймасына жеке апарып тапсырады. 17 750 доза арнайы құрылған комиссияның шешімімен бөлінді. Алматыға басқа вакциналардың жеткізілгені туралы туралы мәлімет жоқ», - деді ол.

Спикерлердің айтуынша, жаппай вакцинация адамның қай жердегі ауруханаға тіркелгеніне қарамастан тегін жүргізілетінін жеткізді.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале