16.02.2021, 18:58
Оқылды: 890

Алты үйдің бірінші қабаты жаңа бағытта жасақталады

Орал қаласы бойынша үй кезегінде 21 мыңға жуық адам тұр. Биыл үй кезегінде тұрғандар үшін мемлекеттік бағдарламалар ауқымында 1226 пәтері бар 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Жеті үй «Отбасы банк» арқылы, үшеуі арендалық жүйемен беріледі. Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғындармен есептік кездесуінде хабарлады.

 B117FB8F-DE44-4A4C-A6F8-CCA010A6FD84

– Шаһарымызда биыл жеке инвестициялар есебінен жалпы көлемі 72 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Тұрғын үйлерді салу қарқынын бәсеңдетпейміз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында апатты үйде тұратындарға арнап үш үйдің құрылысын жүргізудеміз. Биыл да апатты деп танылған баспаналар бұзылып, олардың орнына жаңа бес үй салынбақ, – деді Абат Шыныбеков. Оның айтуынша, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тапсырмасына сәйкес шаһардың көпшілік аудандарын бірте-бірте орталықтанған даму жүйесіне көшіру жоспарлануда. Қалада құрылысы басталған 6 үйдің 1-қабатын қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша жасақталады. Яғни құрылысы аяқталған соң осы тұрғын үйлердің төменгі қабатында мектепке дейінгі ұйымдар, емхана, полиция пунктері, сауда орындары болады. Бұдан бөлек Ақжайық шағын ауданында жаңадан салынатын 15 үйдің 1-қабатында осындай жобаларды жүзеге асыру қарастырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале