Америка Құрама Штаттары маймыл шешегі вирусының өршуін денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.
Фото: Reuters
Елдегі төтенше жағдай режимі туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрі Ксавье Бесерра мәлімдеді. Президент Джо Байден Калифорния, Иллинойс және Нью-Йорк штаттарының өршіп бара жатқан инфекцияларға шұғыл әрекет етуді жариялағаннан кейін, 2 тамызда Ақ үйдің екі жоғары лауазымды шенеунігін әкімшіліктің маймыл шешегіне қарсы әрекетінің үйлестірушісі ретінде тағайындады.
Сәрсенбідегі жағдай бойынша, АҚШ-та ауру жұқтырғандар саны 6,6 мыңнан асты. Олардың басым көпшілігі ЛГБТ өкілдері.
Алғаш рет 1958 жылы маймылдардан табылған бұл ауру салыстырмалы түрде жеңіл белгілер тудырады, соның ішінде безгек, ауырсыну және терінің іріңдеуі бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирусқа шалдыққан адамдар денсаулығы екі-төрт аптаның ішінде қалпына келеді.
ДДҰ-ның тиісті шешімдері шешекке қарсы вакцина және вирусты емдеу құралдарымен алмасу бойынша ынтымақтастықты қаржыландыруды жеңілдетеді.
11:3031.08.2023
БҚО-да көпқабатты үйден өрт шықты. Қайтыс болғандар бар.
17:3025.08.2023
Биыл жазда 176 адам суға кетіп көз жұмды
11:4522.08.2023
Тойдан қайтқан: 11 адамның Сырдарияға қалай батып кеткеніне қатысты алғашқы болжам айтылды
11:3021.08.2023
Оралда сүйіктісімен ренжіскен жігіт көпірден секіріп кетпек болды
31.08.2023, 11:30
25.08.2023, 17:30
22.08.2023, 11:45
21.08.2023, 11:30