23.04.2024, 11:30
Оқылды: 46

Амир Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды

Қазақстандық, 16 жастағы Амир Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық теннисші атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

amir_omarhanov_madri_1713847599

Фото: ktf.kz

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Амир Омарханов іріктеу сайысында өзінен 20 жас үлкен, әлемнің 86-ракеткасы, Испания өкілі Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 13-орында тұрған қазақстандық жас теннисші бірінші партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы тәжірибесі мен шеберлігінің басым екенін көрсетті - 6:2. Ол екінші сетті де 6:1 есебімен ұтты.

Омарханов азулы қарсыласына есе жібергенімен, мастерс жарысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале