17.07.2023, 9:30
Оқылды: 2

Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

andrey_golubev_austr_1689561518

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале