31.08.2021, 10:33
Оқылды: 368

Аңшылық маусымы ашылады

Облыс аңшылары үшін өңір аумағында 2021 жыл­дың 4 қыркүйегінен бастап, тыныс-тіршілігі сумен тығыз байланысты жабайы құстарға, мамық жүнді және тұяқты жануарларға күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылады.

 1208_01

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға рұқсат беріледі, ал қорықтық аумақта тыйым салынады. Аң аулау қағидалары бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға аңшы куәлігі, аңшылық ұңғылық қарудың рұқсат қағазы, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары және тұяқты жануарларды аулаған кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген келісім болуы қажет. Сонымен қатар тұяқты жануарларды аулау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшының қатысуымен жүргізіледі. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау бекітілген аңшылық алқаптарда 2021 жылғы 4 қыркүйектен бастап, 30 қарашаға дейін  қаздар  мен үйректерді, осы жылдың 4 қыркүйегінен 15 қарашаға дейін шілдерді,  4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін  жабайы шошқа мен  борсықтарды, 20 қыркүйектен  31 желтоқсанға дейін еліктерді, 1 қарашадан бастап, 2022 жылғы 15 ақпанға дейін қарсақтарды, түлкілерді және қояндарды аулауға рұқсат етіледі.

Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамаларын аңшылық шаруашылығының тиісті субъектілерінің кеңсесінен, қорықшыларынан және Орал каласында орналасқан «Турист», «Оружейный двор», «Рыболов» дүкендерінен сатып алуға болады.

 

Серік Маженов,

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясының бөлім басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале