Түркияның Анталия қаласында өткен муайтайдан халық-аралық «Antalya Cup» турнирінде 25 елдің спортшылары бақ сынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Батыс Қазақстан облысының төрт спортшысы өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша өңір спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, 14-15 жас аралығында 40 келі салмақта Сердар Кенжалиев алтын жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ 12-13 жас аралығындағылар бойынша 32 келіде Руслан Раймқұлов қарсыластарынан басым түсіп, шемпион атанды. Ал 14-15 жас аралығында 42 келіде сынға түскен Азиз Құспанғалиев күміс жүлдеге ие болды.
Халықаралық додада көрсетілген бұл нәтиже – өңірдегі спорт мектебінің жүйелі жұмысы мен жас спортшылардың тыңғылықты дайындығының жемісі. Мамандардың айтуынша, батысқазақстандық муайтайшылар алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға әлеуеті жеткілікті.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz