30.05.2024, 12:00
Оқылды: 56

Антикор медицина университетінің ректорын ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

eb407a09b71c911d56ac2758777719fa_1280x720

Фото: gov.kz

 - Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталғанын растайды, - деді Антикордың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қалиевтің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын.

Былтыр қыркүйекте Әсет Қалиев М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры болып тағайындалды.

Ол Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын "дәрігер-хирург" мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы болып бастады. Одан кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасында оқыды. Қазір медицина ғылымдарының докторы.

Осы жылдар бойы дәрігер-хирург, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирург), бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

2014 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы әкімінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап тағайындалғанға дейін Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

"Ерен еңбегі үшін", "Денсаулық сақтау үздігі" медальдарінің иегері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале