Бұл туралы БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевпен өткен бүгінгі брифинг барысында белгілі болды.
Бүгінгі таңда облыс әкімінің өкімімен жеке қорғаныс құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы аудандарда және Орал қаласындағы 16 компанияға мониторинг жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі жағдай бойынша 23 445 дана жеке қорғаныс құралдары шығарылса, 13 наурыз бен 5 сәуір аралығында 405 309 дана өндіріліп үлгерген. Сондай-ақ «Кенжеғалиева» ЖК 425 дана қорғаныш киімдерін дайындап берген.
- Маскалар негізінен заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша сатылуда. №1 дәріханаларында, Назель, "Талап" АҚ, "Family farm" "Маутова" ЖК, "Мейірімді дәріхана" ЖШС, "Ергалиева" ЖК, "Ланцет" ЖШС, "Pharm market" ЖК, «Спецодежда» дүкендері сатып отыр және тұтыну көлемі өскен сайын басқа да дәріханалармен өндірілетін болады.
"Топан" ЖШС-мен бензолкан хлориді (Германия), Самарадан 500 келі глицерин сатып алынды, бұл шикізат 25 тонна антисептик шығаруға жеткілікті.
"Талап" АҚ 20 тонна этил спиртін сатып алды. "Аптека №1" ЖШС ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап "Топан" ЖШС базасында антисептик шығаруға кірісіп кетті. Бүгінгі күні шығару көлемі - 200 литр. Алдағы уақытта күніне 600 литрге дейін әзірлеу жоспарлануда. Дайындалған антисептик құралдар "Талап" және № 1 дәріхана желілерінде сатылымға шығарылады, - деді М. Манкеев.
zhaikpress.kz