Апатты, үш ауысымды мектептер және оқушы орындарының дефициті проблемаларын шешу мақсатында 200 жаңа мектеп ашу жоспарланған.
Осы жоспарды орындау үшін келесі мәселелерді шешуіміз қажет.
-1000 мектеп салу үшін жер учаскелерін алдын ала бөлу керек. Осыған байланысты, әкімдіктер барлық бір мың мектеп үшін қажетті жер участкелерін бөліп, оларды арнайы ашық интерактивті картасына енгізу керек. Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде көбінесе білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмейді. Осыдан оқушы орындарының жетіспеушілік проблемалары туындайды. Осыған орай, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын бастар алдында әкімдіктерге біріншіден мектеппен қамтамазыз етуді сұраймын, - деді БҒМ басшысы.
Одан бөлек, бүгінгі таңда 2 500 оқушыға арналған мектептің типтік жобасы әзірленді. Бірақ тағы да 1 500, 2 000, 3 000 оқушыға арналған мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеу қажет.
-Салынатын мектептерде мамандандырылған кабинеттер, заманауи жабдықталған әмбебап шеберханалар, кемінде екі спорт залы, кітапхана, медиатека және оқу залдары болуы тиіс. Бұл үшін біз қазір мектептерді жабдықтауға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов Үкіметте.
Министрдің айтуынша, биыл 1003 ауыл мектебі жаңғыртылады. 560 мектепке күрделі және кешенді ағымдағы жөндеуден өтеді, 2 068 пәндік кабинет сатып алынады, 598 мектепте жиһаз жаңартылады, 862 кітапхананы жаңғыртудан өтеді, кемінде 2 млн көркем және танымдық балалар әдебиеті сатып алынады, 574 асхананы жаңғыртылып, 554 мектепте қауіпсіздік жағдайлары жақсартылады.
BAQ.KZ