5.09.2022, 10:31
Оқылды: 53

Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешіледі

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Президент Жолдауын ассамблея мүшелері бір атаның баласындай ұйып тыңдадық. Мемлекет басшысы білім саласында атқарылатын істердің негізгі бағыт-бағдарын межелеп айтты.

4

Расымен де, ұстаз мәртебесін асқақтатуға қоғам болып атсалысуымыз керек. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту – өзекті мәселе. Еңбек нарығында сұранысқа сай мамандардың қадірі жоғары болады. Ел Президенті орта білім сапасы назардан тыс қалмайтынын айтты. Алдағы үш жылда апатты деп танылған және үш ауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешіледі. Білім саласындағы реформалар сәтті жүзеге асуы тиіс. Жаңа Қазақстанның туын бәсекеге бек қабілетті, білімді ұрпақ қана биік ұстайды.

Флюра Миликеева,

БҚО ҚХА «Татар мәдени орталығы» этно-мәдени

бірлестігінің төрайымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале