15.06.2026, 12:00
Оқылды: 34

Аптап ыстықта күйзеліске түспеудің жолы қандай? Дәрігер кеңес берді

Эндокринолог дәрігер Зухра Павлова аптап ыстықта күйзеліске түспеуге көмектесетін қарапайым кеңестер берді. Ол ыстық күндері жүйке жүйесіне артық салмақ түсірмей, өзіңізді жайлы сезінудің жолдарын Telegram-арнасында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Young woman sitting on the couch at home and keeping a fresh water bottle on her forehead, she is suffering from the heat

Сурет: istockphoto.com

Дәрігердің айтуынша, күн ыстықта адам тез шаршап, ашуланшақ бола бастайды. Ал жұмыстағы тұрақты қысым мен қарбалас жоғары температураның ағзаға кері әсерін күшейте түседі. Мұндай кезде жайсыздықты азайтуға жұмыс үстелінде дұрыс отыру, дене қалпын жиі өзгерту және тапсырмалар арасында қысқа үзіліс жасау көмектеседі.

Павлова қарапайым тыныс алу жаттығуларын орындауға және күн ішінде бірнеше минут болса да демалуға кеңес берді. Оның айтуынша, бір-екі минут баяу тыныс алудың өзі ширығуды тез басуға көмектеседі.

Сонымен қатар, дәрігер ауқымды тапсырмаларды бірнеше шағын бөлікке бөліп орындауды ұсынады. Бұл адамның өзін жұмысқа көміліп қалғандай сезінуін азайтады.

Маманның сөзінше, жұмыс пен жеке уақыттың арасын ажырата білу де маңызды. Сондай-ақ, өзіңізге артық міндет алмауға тырысу керек. Мұндай әдеттер жүйке жүйесін қорғап, күйзелістің көңіл күйге және әріптестермен қарым-қатынасқа әсерін азайтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале