2.11.2021, 10:28
Оқылды: 73

Ардагер журналистер бас қосты

Өткен жұма күні «Жайық Пресс» медиахолдингінде «Орал өңірі» және «Приуралье» газетінің ардагер журналистері бас қосты. Ақ дастарқан басында өткен жаймашуақ кездесуде ардагер журналистер бір-біріне ақ тілегін арнап, облыстық, аудандық басылымдар туралы ойларын ортаға салды. 

WhatsApp Image 2021-11-02 at 10.06.15

«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Табылғали Сапаров журналистика саласы ардагерлеріне зор денсаулық тілеп, естелік сыйлықтар табыстады. Карантин уақытында үйден ұзап шыға қоймаған ардагерлердің басым бөлігі «Осындай басқосулар жиі болып тұрса» деген көңіл түкпіріндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосуда медиахолдингтің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Есенжол Қыстаубаев журналистика саласына саналы ғұмырын арнаған  ардагер журналист Энгельс Шыңғалиды 80 жасымен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Жаймашуақ кездесуде Мәжит Қайырғалиев, Серік Жұмағалиев, Өмірзақ Ақбасов, Ұлдай Сариева, Болат Есқалиев сөз алып, әдемі естеліктерімен бөлісті. Олар өңірімізге жедел ақпарат таратуда өзіндік орны бар облыстық басылым беттерінен қазіргі күннің өзекті мәселесі – су тапшылығы, рухани құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау тақырыбындағы мақалалар жиі қаузалса деген ұсыныс айтты.

Медиахолдинг басшысы ардагер журналистерді облыстық басылымдардың оқылымын арттыруға үлес қосып, бірлесе жұмыстануға шақырды.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале