Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймын! Әр отбасына сәттілік, жақсы жетістіктер, амандық пен өзара түсіністік, бақыт тілейміз!
Ұлы Отан соғысынан оралмаған жерлес – жауынгерлер есімізде мәңгілік сақталады. Сұрапыл соғыста аман-есен оралғандарға, тылда күні-түн еңбек еткендерге, соғыстан кейінгі жылдар ауыртпалығын көтергендерге шуақты күндерді жақындатуға үлес қосқандары үшін бас иеміз.
Жауынгер ұрпақ батырлары – біздің туыстарымыз бен жақындарымыз. Олардың ерліктерін еске алу халқымызды біріктіреді, бізді күшейтеді, қиындықтарды жеңуге және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.
Осы мереке күндері көңілдегі уайым-қайғы сейілсін. Әр үйде жайма-шуақ леп есіп, халқымыздың өшпес ерлігі туралы есктеліктер біздің ел патриоттарының үлкен-кішісінің жүрегіне жылу сыйласын. Шын жүректен денсаулық, жарқын да ұзақ әрі тыныш өмір, жан жылуын, жақындарыңыздың назары мен қамқорлығын тілейміз! Ақ Жайық өңірінің барлық тұрғынына бейбітшілік пен бақыт, амандық тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!
Орал қалалық №2 емханасының ұжымы атынан директор
Қашура Әжіғұлова