28.12.2021, 9:50
Оқылды: 54

Әріптесіміз ҚЖО-ға қабылданды

Жас ақын Марлен Ғилымхан – бірнеше республикалық және халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы һәм жүлдегері. Өлең-жыры «Жауқазын жылда гүлдейді», «Қанатқақты», «Жанартау жыр» атты ұжымдық жинақтарға енген ол осыдан алты ай бұрын «Орал өңірі» газетінің редакциясына тілшілік қызметке қабылданған болатын.

InShot_20211227_233351561

Бүгіндері Мәліктің Марлені өрнекті өлең, жалынды жырына қоса, көпшілікке тұщымды мақала-материалдарымен де таныла бастады.

Жұма күні өткен ағымдағы жылды әдеби тұрғыдан қорытындылау жиынында Қазақстан Жазушылар одағының (ҚЖО) басқарма төрағасы, танымал ақын Ұлықбек Есдәулет дарынды ақын Марлен Ғилымханға Жазушылар одағына мүшелікке қабылданғандығы жөніндегі куәлікті табыс етті.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале