Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зульфихар Жолдасов аталған компанияға соңғы үш жылда экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынғанын хабарлады.
«Биыл компанияны тексерістен өткіздік. Қазір біз 1 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл дайындап жатырмыз. Біз қалдықтардың шығарындылармен байланысты көптеген сәйкессіздіктерін таптық. Бұл үлкен мәселе. Соңғы тексеру деректері бойынша, 3 жыл ішінде компанияға 3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған», деді комитет басшысы.